×

Каспий жағалауынан 131 өлі итбалық ұшасы табылды

Итбалықтар өлімінің себебі анықталып жатыр

Каспий жағалауынан 131 өлі итбалық ұшасы табылды
inaktau.kz

2022 жылдың 8 қарашасында сағат 15-00-дегі жағдай бойынша 131 өлі итбалық ұшасы табылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 7 қарашада Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауындағы рейдтік іс-шаралар барысында Түпқараған ауданында өлі итбалықтардың ұшаларын тапты.

Жануарлардың қауіп-қатері және (немесе) өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы, Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы, Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімшелері, Маңғыстау облысының экология департаменті, Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, сондай-ақ «Қазэкопроект» ЖШС-і жедел түрде хабарландырылды.

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы бастаған, Түпқараған ауданының, Форт-Шевченко қаласының жергілікті атқарушы органдарының, Түпқараған ауданының полиция бөлімінің, Маңғыстау облысының Экология департаментінің, Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімшелерінің, Түпқараған ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің, Гидробиология және экология институтының, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы өкілдерінен құралған комиссия өлген итбалықтар анықталған жерге шығу жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта ғылыми институттар мен ұйымдардың, сондай-ақ ветеринариялық бөлім қызметкерлерімен гидробиологиялық, гидрохимиялық талдаулар жасау үшін жануарлар өлген жерде су мен топырақ сынамалары алынды, сондай-ақ гистологиялық және токсикологиялық зертханалық зерттеулер жүргізуге тіндер, оның ішінде ішкі ағзалар алынды.

Каспий итбалықтарының өлу фактісі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімінде 2022 жылғы 7 қарашада № 2247520300001386 болып тіркелді, оның шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →