Көлік саны бойынша Қазақстан 47-ші орында
Қазақстан көлік кептелісі бойынша 41-орында тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Finprom.kz аналитикалық зерттеу орталығы мәлімдеді.
“Қазақстан көлік кептелісі бойынша әлемде 41-орында. Ел тұрғындары жұмысқа жету үшін орташа есеппен 35 минут уақытын кетіреді.ТМД елдері арасында Ресей, Әзербайжан, Украина тұрғындары да жолда ұзақ жүреді. Ал Армения мен Беларусь жұртшылығы жылдам қозғалып, көп бөгелмейтін елдердің қатарына енді. Сондай-ақ көлік саны бойынша еліміз 47-ші орында. Елдің индексі – 134,9 балл. Индекс өлшемі жол қозғалысы жүйесінің тиімсіздігін бағалайды”, – делінген зерттеу материалында.
Әлемде ең көп көлік саны АҚШ-да. Онда 1000 адамға 800-ден аса көліктен келеді. Ал әлемде ең көп көлік кептелісі Түркияның Станбул қаласында тіркелген. Бұл қала тұрғыны орта есеппен жылына 105 сағат кептелісте уақытын босқа өткізеді.
Еске сала кетейік, статистикаға сәйкес орташа есеппен бір көлік 3,9 кг көмірқышқыл газын бөледі.