×

СІМ: 300-ге жуық Қазақстан азаматы БАӘ-ден елге қайта алмай отыр

Олар ескертулерді елемеген. 

СІМ: 300-ге жуық Қазақстан азаматы БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
Pixabay.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, Таяу Шығыстағы күрделі жағдайға байланысты жергілікті әуе компанияларының рейстері уақытша тоқтатылған, соның салдарынан 300-ге жуық қазақстандық азамат Біріккен Араб Әмірліктерінен елге қайта алмай отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, 14 маусымда ҚР СІМ ресми түрде Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігінен ұшуға тыйым салынғанын жариялаған болатын. Соған қарамастан, Қазақстаннан БАӘ-ге туристерге толы ұшақтар ұшып кеткен.

Қазіргі уақытта министрлік туристік компаниялармен, әуе тасымалдаушылармен және «Туристік қамқор» қорының қолдауымен қазақстандықтарды эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.

Сыртқы істер министрлігі азаматтарға Таяу Шығыс елдеріне сапар шегу кезінде жағдайды мұқият бағалап, ойланып шешім қабылдауға кеңес береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →