×

"8 -сағаттық қызмет жоқ!": Абай облысында 714 мүгедектігі бар азаматтың құқығы бұзылған

Мердігер ұйым қызметтің тәулік бойы қолжетімді қызметті шектеп тастаған

"8 -сағаттық қызмет жоқ!": Абай облысында 714 мүгедектігі бар азаматтың құқығы бұзылған
Сурет: gov.kz

Абай облысында 700-ден астам мүгедек азаматтардың «инватакси» қызметіне тәулік бойы қол жеткізу құқығы бұзылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Абай облысы прокуратурасы мәлімдеді.

“Семей қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, «инватакси» қызметін көрсетуде талаптардың сақталмауы орыналған.Мердігер ұйым қызметтің тәулік бойы қолжетімді болуы тиіс деген міндетті талаптарға қарамастан, тасымалдауды тек сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, жүзеге асырған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың уақытылы көлік қызметін алу құқықтарын шектеген. Прокуратураның араласуынан кейінмердігермен жасалған шарт Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкестендірілді. Қазіргі уақытта «инватакси» қызметі тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз көрсетіледі”, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 714 азаматтың құқығы қалпына келтіріліп, жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →