×

Желіде 16 миллионнан аса қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті –  Министрлік мәлімдеме жасады

Деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін

Желіде 16 миллионнан аса қазақстандықтың жеке дерегі тарап кетті –  Министрлік мәлімдеме жасады
computervillage.ng

Әлеуметтік желілерде 16 миллионнас аса азаматтардың жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа байланысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.

Тараған мәліметтер қатарында азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекенжайы, тіркеудегі орны, телефон нөмірлері, азаматтығы, ұлты сынды деректер бар. Ақпараттардың қалай тарағаны әзірге белгісіз. Кейбір нұсқаларға сәйкес, олар жабық Telegram-арналары арқылы сатылған.

“Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірге деректердің шынайылығы мен қайдан таралғанын анықтау үшін жұмыс жүргізуде.Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ. Егер азаматтың деректері тараған болса, оған eGov порталы арқылы жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі. Бұған дейінгі осындай жағдайларда деректер ескі базалардан, негізінен қызмет көрсету саласы мен микроқаржы ұйымдарынан алынған”, –  делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта министрлік жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қосымша ақпарат тексеру аяқталған соң жарияланбақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
Бүгін, 17:14

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Балқаш жағалауларында маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деп болжануда
Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі
2024 жылдың қорытындысы бойынша депутаттық қызметінің тиімділігі (KPI) жоғары бағаланған
Курорттық өңірде 11 ауыл алкогольді сатудан толық бас тартқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →