×

Алматыда балаларға арналған SIM-карта іске қосылды

Жоба қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді

Алматыда балаларға арналған SIM-карта іске қосылды

Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Бұған дейін Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленгені хабарланған болатын. Осы бастама аясында Алматы қаласының прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп «SIM KIDS» пилоттық жобасын іске қосты. Бұл интернетке қауіпсіз және бақыланатын қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы балалар SIM-картасы”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді және дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді.

Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді.

Есіңізде болсын балалардың қауіпсіздігі қарапайым шешімдер мен ересектердің бейжай қарамауынан басталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Бүгін, 08:32

Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →