×

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды
Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі/Дмитрий Ерофеев

Жетісу облысында Балқаш көліне дейінгі жол қайта жаңғыртудан кейін көлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі. Еске салсақ, Балқаш көліне көлікпен бару жағдайын жақсарту үшін көлге апаратын жол екі учаскеге бөлініп, жаңғырту жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, ұзындығы 27 км «Лепсі – Балқаш көлі» жолы өткен жылы пайдалануға берілді. «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автожолының 35 - 110 шақырымы бұған дейін жоспарланғанындай, жуырда жол асфальттың төменгі жабынымен көлік қозғалысы үшін ашылды.

“Қазір 40 км жолда асфальттың беткі қабатын төсеу жұмыстары қалды. Одан кейін абаттандыру жұмыстары атқарылады. Жол бойында 4 демалыс алаңы орнатылған, онда аялдама, санитарлық торап қарастырылған. Жол құрылысын жүргізген мердігер мекеме жол сапасына 5 жылға дейін кепілдік береді.  Қандай да бір ескертпелер, ақаулар шығып жатса, өз күшімен ретке келтіреді. Қазір жол құрылысына 65 техника, жүзден астам адам тартылған. Аталған жолды толық пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған”, –  дейді Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Жол қатынасына қатысты тағы бір айта кетерлігі, жыл соңына дейін Лепсі ауылында заманауи жаңа темір жол вокзалын салу межеленген.

Осылайша жол инфрақұрылымын дамыту арқылы Балқаш көлі жағалауына көлікпен баруға қолайлы жағдай жасалып отыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді
Бүгін, 13:56

FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді

Әуе компаниясы қатысушыларға арнайы 30% жеңілдік қарастырылған промокод ұсынды
Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар
Бұған дейін тексеру барысында 18 бұзушылық анықталып, оның 15-ін құрылыс салушы жойған
Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →