×

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Балқаш жағалауларында маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деп болжануда

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі/Дмитрий Ерофеев

Балқаш көлі жағалауында демалушылардың игілігіне инженерлік желілер, яғни электр жарығы мен тұрмыстық қажеттілікке арналған су осы маусымда беріле бастайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысының жобасы - Балқаш көлі жағалауын дамыту бағытындағы басты жобалардың бірі де бірегейі. Жобада электрмен және сумен қамту, кәріз жүйелері, жағалау жиегіндегі автожол құрылысының жобасы қарастырылған.

“Бүгінгі таңда су құбыры салынып бітті. Қазір бастоғанда су тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Осы демалыс мауысымында су беруді жоспарлап отырмыз. Сол сияқты электр бағандары қойылып, қуаты 110/35/10 кВ 1 қосалқы станция орнатылды, оған электр қуаты берілді. Электр қуатын берудің екінші кезеңінде әрқайсысының қуаты 10/0,4 кВ болатын 28 трансформаторлық қосалқы станция қойылады. Оған қоса жағалау бойында ұзындығы 9,3 км болатын автокөлік жолын салудың жер дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы Балқаш жағалауына инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары 2024 жылы басталған, 2026 жылы бітуі тиіс еді. Жұмыс кестесінен озық келе жатқандықтан, мерзімінен бұрын бітіреміз деген ойдамыз”, –  деді  Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.  

Оның айтуынша, кәріз құбырлары төселген, кәріз тазарту құрылғысына тапсырыс беріліп, зауытта дайындалуда.

Жағалауда демалыс орындары құрылысының бейберекет жүргізілуінің алдын алу үшін  қазіргі кезде «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалды. Облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Дәркен Нұржановтың сөзіне сүйенсек, бұл демалыс аймағының алаңы 1682,0 га болады. Барлық демалыс базаларының жобалық кезеңдегі бір реттік ең үлкен сыйымдылығы – 23 мың орын, нөмірлердің болжамды саны 7100 бірлік болады деп күтілуде. Нөмір қорының санын есепке ала отырып, көлікке арналған 7200 орындық тегін тұрақ болады.

Және қарапайым халықтың жағалауда демалуына мүмкіндік жасау мақсатында қоғамдық жағажайлар да қарастырылмақ. Бұл туралы Сарқан ауданының әкімі Ғалымжан Маманбаев айтып берді:

“Инженерлік инфрақұрылымы тартылған аймаққа бизнес өкілдері тартылып, демалыс аймақтары бәсекелестік ортада дамиды. Бұл ретте ең алдымен халыққа ортақ қолданыстағы, тегін 6 қоғамдық жағажай жасалады. Мұнда медицина пункті, полция пункті, құтқарушылық қызмет, ана мен бала бөлмесі сияқты барлық қажеттіліктер қарастырылады. Қоғамдық жағажайды күтіп ұстау аудан әкімдігінің жауаптылығына беріледі. Жағажай қызметі үшін коммуналдық мекеме құру, техника сатып алу жұмыстарына кірістік”, –  дейді Ғ. Маманбаев.  

Қазіргі кезде көл жағалауында 52 мың адам демалса, жағалау қажетті инфрақұрылыммен қамтылып, даму жоспары іске асырылғаннан кейін мұнда маусымына 450 мыңнан астам адам демалады деп болжануда. Демалыс орындары мен мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелеріндегі қызметшілер саны туристердің болжамды санының шамамен 20 % құрап, демалыс мауысымында жұмыспен қамтылғандардың саны 4,5 мың адамға жетпек.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды
Бүгін, 17:09

Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды

Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі
2024 жылдың қорытындысы бойынша депутаттық қызметінің тиімділігі (KPI) жоғары бағаланған
Курорттық өңірде 11 ауыл алкогольді сатудан толық бас тартқан
Оған дәрігерлер жеке оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →