×

Жаңа айыппұл: Автокөлік терезесінен қолды шығарғаны үшін жаза қолданыла ма

13 наурыздан бастап жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгерістер күшіне енген

Жаңа айыппұл: Автокөлік терезесінен қолды шығарғаны үшін жаза қолданыла ма

2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда жолаушыларды тасымалдау ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желілерде көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салынады деген ақпарат кең тарауда. Көптеген пайдаланушылар мынадай сұрақ қойып жатыр:

”Бұл үшін расымен жаза қарастырылған ба?”

ІІМ мәліметінше, 2025 жылғы 13 наурыздан бастап Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабына өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, жолаушыларды тасымалдау ережелері күшейтілді. «Көлік салонынан тыс болу», соның ішінде терезеден немесе люктен дене мүшелерін шығару үшін 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Министрлік бұл талап жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіп төндіретін жағдайларға қатысты екенін нақтылады. Яғни, егер жолаушы басын немесе кеудесін шығарса, бұл ереже бұзушылық ретінде бағалануы мүмкін. Алайда, формалды түрде терезеден шығарылған қол да тыйым салынған әрекетке жатуы мүмкін — себебі ол көліктің шекарасынан шығып кетеді.

Дегенмен, ІІМ атап өткендей, жаза тек жолаушының әрекеті қауіп төндірген жағдайда ғана қолданылады — мысалы, жарақатқа әкелуі мүмкін немесе жүргізушінің назарын аударса.

Сондай-ақ заң бойынша судья немесе полиция инспекторы дәлелдерді ішкі сенімі мен жағдайдың жиынтығына қарай бағалайтыны еске салынды. Бұл дегеніміз, мысалы, бұрылу сигналы істемей қалған жағдайда қолмен белгі беру — көбіне айыппұл салуға негіз болмайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

2024 жылғы шешімге сәйкес мөлшерлеме 25%-дан 20%-ға дейін төмендеуі тиіс болған
Ол бұған дейін ұлының әкесі облыс басшысы екенін ашық жеткізген. 
Ол бұл мәселемен сот органдары айналысатынын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →