×

25 пайыз: Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды

2024 жылғы шешімге сәйкес мөлшерлеме 25%-дан 20%-ға дейін төмендеуі тиіс болған

25 пайыз: Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды
depositphotos.com

Ипотека мөлшерлемесін төмендету кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

2024 жылы қабылданған шешімге сәйкес, ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендеуі тиіс еді. Алайда, бұл норма 2025 жылдың 1 қарашасына дейін кейінге шегерілді.

«Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысының 1-тармағының қолданысы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұрсын, — делінген құжатта.

Осы уақыт ішінде қолданыста болатын шекті мөлшерлемелер:

  • Ипотекалық қарыздар — 25%
  • Кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары — 35%
  • Кепілсіз қарыздар мен микрокредиттер — 46%

Егер қаулы өзгермесе, жаңа мөлшерлеме 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ұлытау облысында Президент Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды
Бүгін, 17:58

Ұлытау облысында Президент Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды

Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →