×

«16 жасымнан бастап жұмыс істедім». Министр өзінің қанша зейнетақы алуы мүмкін екенін айтты

Ол үш түрлі төлем алатынын алға тартты. 

«16 жасымнан бастап жұмыс істедім». Министр өзінің қанша зейнетақы алуы мүмкін екенін айтты
t.me/KZgovernment

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке шыққан жағдайда алатын зейнетақы төлемдері туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сенат кулуарында журналистер Жақыповадан қазір зейнетке шықса, қанша зейнетақы алатынын сұрады.

Мен үш түрлі төлем ала аламын, себебі менің 1998 жылға дейінгі еңбек өтілім бар. 16 жасымнан, 10-сыныптан кейін жұмыс істей бастадым. Тиісінше менде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақ бар және базалық зейнетақы қарастырылған, – деп жауап берді Жақыпова.

Алайда министр нақты сандарды атаған жоқ.

Нақты есептеп көрмедім, бірақ ол барша халыққа бірдей. Егер мен қазір зейнетке шықсам, менің базалық зейнетақым шамамен 32 мың теңге болар еді. Орташа алғанда, базалық төлем 47 мың теңгені құрайды, – деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада LRT көпшіліктің қолданысына 2026 жылы беріледі
Бүгін, 13:16

Астанада LRT көпшіліктің қолданысына 2026 жылы беріледі

Астанада LRT-ны тестілік іске қосуға бір айдан аз уақыт қалды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Баға айырмашылығы сәбіз, пияз, қырыққабат, сүт және айран сияқты басқа да өнімдер бойынша тіркелген
Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →