Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматыда сот экс-судья Светлана Жолманованы аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Тергеу мәліметінше, ол 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта адамдарға жылжымайтын мүлік сатып алуға және мемлекеттік тендерлерге қатысуға көмектесемін деп уәде беріп, ақшасын алған. Алайда ол қаражатты өз пайдасына жаратқан. Келтірілген залал 1 миллиард теңгеден асады. Барлығы 48 эпизод тіркелген.
Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Жолманова 2021 жылы да құқық қорғау органдарының назарына іліккен болатын, алайда сол кезде іс тоқтатылған, сөйте тұра Жоғарғы сот кеңесі Жолманованы қызметінен босатқан еді.
Айта кетейік, Светлана Жоламанова Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әйелі Жанармен университет қабырғасында бірге оқыған.