×

Иран мен Израиль соғысқалы Египетке баратын турлар күрт арзандап кетті

Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстер уақытша тоқтатылған

Иран мен Израиль соғысқалы Египетке баратын турлар күрт арзандап кетті
Фото ашық дереккөзден

Таяу Шығыстағы геосаяси қақтығыстың ушығуы демалыс турларын арзандатып жіберді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жұрттың бәрі әдетте, арзан турларды Каспий банк қосымшасынан іздейді. Иран мен Израиль арасында қақтығыстар басталғалы турлар күрт арзандап кеткен. Мәселен, Египетке барар турдың бірі бар-жоғы 395 мың теңгеге сатылса, Біріккен Араб әмірліктеріне 453 мың теңгеге шығып тұр (екі адамға). Катарға тур тіпті 242 мың теңгеге табылған.

Көпшіліктің бұл елге барғысы келмеуінің бірден-бір себебі – Иран-Израиль қақтығысы. Бір-бірін зымыранның түр-түрімен атқылап жатқан мемлекет арқылы немесе сол мемлекетке жақын аумақтың аспанымен ұшуға екінің бірінің жүрегі дауаламайды. Керісінше, Тайланд пен Вьетнам елдеріне баруды ұсынатын турлар 200-300 мың теңгеге қымбаттап кеткенін байқауға болады.

Әуе компаниясы не дейді

Осыдан біраз уақыт бұрын Air Astana тобы Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір Air Astana және FlyArystan тұрақты және чартерлік рейстерінің бағытындағы өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар еткен. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады.

Ал бүгін әуе компаниясы Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылатынын хабарлады.

«Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты  уақытша орындалмайтынын хабарлайды. Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігі тысында жалғасады. Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады», - деп хабарлады әуе компаниясы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →