×

Қаһармандардың есімін мәңгі есте сақтау: «Капитан Байтасов» атты көркем фильм жарыққа шықпақ

Ол террористі ұстау кезінде қаза тапқан полиция офицері

Қаһармандардың есімін мәңгі есте сақтау: «Капитан Байтасов» атты көркем фильм жарыққа шықпақ
Сурет: Даурен Қамшыбаев жеке архивінен

Президент Тоқаев қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қаһармандардың есімін мәңгі есте қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі құқық қорғау органдарының "Заң мен тәртіп" деген кеңейтілген алқа мәжілісінде қызметтік міндетін атқару барысында ерлікпен қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің есімін мәңгі есте қалдыру жөнінде бастама көтерді. Ол олардың есімін ведомстволық наградаларға, көшелер мен мекемелерге беру арқылы бейбіт уақыттың нағыз қаһармандарының ерлігін ұмытпау қажет екенін айтты.

«Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан қаһармандардың есімін ведомстволық наградаларға беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Сондай-ақ олардың есімін көшелер мен құқық қорғау мекемелеріне беру арқылы мәңгі есте қалдыруға болады. Мұндай тәжірибе бізде бұрыннан бар», – деді Президент.

 Тоқаев террористі ұстау кезінде қаза тапқан полиция офицері Ғазиз Байтасовты еске салды. Бүгінде Тараз қаласындағы орталық көшелердің бірі мен оқу полигоны оның есімімен аталады. Жақын уақытта оның өмірі мен ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» атты көркем фильм жарыққа шықпақ.

Фильмнің режиссері және сценаристі Дәурен Қамшыбаев Жамбыл облысы полиция департаментіне келіп, кинокартинаның сценарийін ДП бастығы Арманбек Баймурзинге ведомстволық музейге қою үшін табыстаған. Фильмді таспалаған операторы Асылхан Мельдебеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент қол қойды: Қазақстанда 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды
Бүгін, 17:34

Президент қол қойды: Қазақстанда 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды

Басымдық балалы әйелдерге, қарттарға, кәмелетке толмағандарға және осал топ санатындағыларға беріледі
Қандай кәсіпте қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату көзделетіні айтылды
Алматы азық-түлікке және ақылы қызметтерге жұмсалатын қаражат бойынша көш бастап тұр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →