×

Шалқардағы жүк дауы: халық наразы, ҚТЖ түсініктеме берді

Бұл жайттың видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Шалқардағы жүк дауы: халық наразы, ҚТЖ түсініктеме берді
Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында жүк тасымалына байланысты туындаған жағдай қоғамның наразылығын тудырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолар мен пікірлерде жергілікті халық пен белсенділер Шалқарда пойызбен келген жүктерін ала алмай, полициямен сөйзге келіп қалғанын айтқан. Бұл оқиғаға қатысты блогер Қуаныш Жеткергенов те үн қосып, «Қазақстан темір жолын» (ҚТЖ) қатаң сынға алды.

Шалқардың халқы ашулы. Шалқар халқының ашуланатын жөні бар. Себебі жүк тасымалдау бөлімін осыдан алты жыл бұрын алып тастады... Басшылыққа бәрібір – Қандыағаш пен Ақтөбенің ортасы 300 км болса да, жолдың сапасы өте нашар. Оларды ештеңе қызықтырмайды, тек ақшасын алса болды, – деді блогер.

Оның айтуынша, тұрғындар тарифті Қандыағашқа дейін төлесе де, жүгін Шалқардан ала алмай әлек. Қуаныш Жеткергенов Шалқарға келген пойыз кезінде полиция мен құқық қорғау органдарының арнайы шақыртылуын, ал жедел жәрдемнің де вокзалға кіргізілмегенін «масқара жағдай» деп бағалады.

Қашанғы олай халықпен санаспайсыздар. Сонда халыққа қызмет жасамасаңыздар ҚТЖ не үшін жұмыс істеп тұрсыздар, біз соны түсінбедік, – деп түйді ол.

Бұл жағдайға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Qaz365.kz тілшісіне былай деп ресми түсініктеме берді:

2025 жылғы 19-22 маусым аралығында №33 «Алматы – Ақтөбе» пойызымен жүк багажын тасымалдау кезінде мобильді топ аралық станциялардан жүк беруден бас тартты. Себебі – Ақтөбеде өлшеу жүргізілуі тиіс еді. Салмақ пен таңбалауға қатысты ереже бұзушылық анықталмады, акт толтырылып, жүк кері қайтарылды. Бұл – бір реттік оқиға, – делінген ресми хабарламада.

Мобильді топтың өкілі түсіндіруінше, кейбір жүктерде таңбалайтын орын болмағандықтан, оларды аралық станцияларда беруге тыйым салынған. Алайда тұрғындар бұл тыйыммен келіспей, наразылықтарын әлеуметтік желілерде жария еткен.

Шалқар тұрғындары мен блогерлер бұл мәселенің жүйелі сипат алғанын, ал ҚТЖ жағы тек ресми тілде сытылып шығуға тырысатынын айтады. Олар нақты шешім қабылданбаса, дау жалғаса береді деп есептейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның сөзінше, күйеуі аталған компанияда жұмыс істейді екен.
Басымдық балалы әйелдерге, қарттарға, кәмелетке толмағандарға және осал топ санатындағыларға беріледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →