×

Астанада LRT вагондарына сурет салып кеткен

Граффитиді кім салғаны әзірге белгісіз.

Астанада LRT вагондарына сурет салып кеткен
Әлеуметтік желі

Назарбаев әуежайы станциясында тұрған LRT вагондарының сыртына біреулер граффити салып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жолаушылар тасымалымен айналысатын City Transportation System компаниясы вандализм фактісін растады.

Вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салынғаны тіркелді. Бұл туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады компания өкілдері.

Вагондар арнайы қорғаныс қабатымен қапталғандықтан, бояу негізгі бетіне сіңбеген. Қазіргі уақытта сурет өшірілуде. Ал граффитиді кім салғаны әзірге белгісіз.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматыда жол мамандарына арналған тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
Жоба аясында 6,7 шақырым жағалауда тіреу қабырғалары нығайтылып, жол кеңейтілді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →