×

Сәресі мен ауызашар дұғасы

Осы жылы ораза 23 наурызда басталады

Сәресі мен ауызашар дұғасы
me.popsugar.com

Осы жылы ораза 23 наурызда басталады. Осыған орай назарларыңызға сәресі мен ауызашар дұғасын ұсынамыз.

Сәресіде айтылатын дұға:

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашарда оқылатын дұға:

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту. Зәхәбә Зома уәбтәллатил-‘уруқ уә сәбәтал-әжру ин шәә Алла».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Шөл кетті, тамырлар суланды, иншалла, сауабы да жазылды».

Қазақстандықтар биыл 29 күн ораза ұстайды. Айта кетейік, биылғы пітір садақа мөлшері де бекітілді.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен Ораза айт намазына дейін беруге болады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ішімдіктен бас тартудың денсаулыққа пайдасы қандай
Өскемендегі Қабанбай батыр ескерткішінің маңында сенбілік басталды
«Қошқар ата» қорымы Ақтау қаласынан 17 шақырым қашықта орналасқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →