Ular сыйлығының жеңімпаздары 500 мың, 1 000 000 теңгеден иеленді
26 маусымда Жезқазғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне берілетін жыл сайынғы Ұлытау обылысы әкімінің «Ular» сыйлығын тапсыру салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мереке иелерін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтады.
Қазақстан Республикасының Құрмет орденімен Рахметов Шамхан Қыстаубайұлы, Ерен еңбегі үшін медалімен Ералина Салтанат Аманқызы марапатталды. Сонымен қатар, Еңбек ардагері медалімен Арымбекова Аманкүл Әділқызы марапатталса, Ақпарат саласының үздігі төсбелгілерін Одинцова Валентина Николаевна, Жұмабаев Қайрат Кенжекұлы мен Алпысбаева Мейрамкүл Саяжанқызы иеленді.
«Ular» сыйлығының номинацияларымен келесідей қызметкерлер марапатталды:
• "Мамандыққа адалдығы үшін" – «Подробности» газетінің директоры Барбутько Нина Андреевна;
• «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» - «Ulytau» облыстық телеарнасының тілшісі Сейтқазы Мұқағали Мұханбетқалиұлы;
• «Экономика тақырыбын үздік жариялағаны үшін» - «Мысты өңір» газетінің тілшісі Әбдірашев Әлібек Тілеубергенұлы;
• «Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» - «Ақшам» телеарнасының тілшісі Жанабекова Наргиз Бабыровна;
• «Шаңырақ» - «Saryarqa» газетінің бас редакторы Тілемісова Жаннұр Төлендіқызы;
• «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» - Қазақстан журналистер одағының Ұлытау облысы бойынша филиалының атқарушы хатшысы Түсіпов Изтөлеу Бекенұлы;
• «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материал» - «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы Алпанбаева Эльвира Кәдіржанқызы;
• «Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» - «Қазыналы өңір» газетінің тілшісі Наурызбаева Гаухар Насыритдинқызы;
• «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» - «Жаңаарқа» газеті редакциясының бас редакторы Ералина Салтанат Аманқызы;
• «Заң мен тәртіп қағидатын үздік жариялағаны үшін» - Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті редакциясының тілшісі Шахаева Марал Ақансеріқызы;
• «Мәнер мен атқарымдылық үшін» - «Ұлытау тв» телеарнасының бас операторы Оразов Думан Жәнібекұлы мен «Аймақ ақшамы» газетінің дизайнері Қабиева Венера Шалабайқызы;
Барлық үміткерлерге 500 мың теңгеден табыс етілді.
«Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы мен 1 млн теңге көлеміндегі сертификат Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Мысты өңір» газетінің журналисі, Ибадатов Шахмұрат пен зейнеткер, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, «Ұлытау» газетінің тілшісі Мағзұмбек Машайықұлына табысталды.
Үздік БАҚ қызметкерлері Ұлытау облысының Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.