×

Тозығы жеткен: Қазақстанда сүрілгелі тұрған қанша көппәтерлі үй бар екені белгілі болды

Елімізде 3,2 трлн теңгеге ескі үйлерді сүру жұмыстары жүргізілмек

Тозығы жеткен: Қазақстанда  сүрілгелі тұрған қанша көппәтерлі үй бар екені белгілі болды
Сурет: azh.kz

Күзде Парламентке апатты үйлерді сүру және олардың орнына жаңа тұрғын үйлер салу рәсімін жеңілдететін заң жобасы енгізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» басшысы Алтай Күздібаев мәлімдеді.

Жаңа заңда келесілер нақты көрсетіледі:

  • Үйді сүру және тұрғындарды көшіру механизмдері;

  • Құрылыс кезінде уақытша баспана жалдауға қатысты құрылыс салушының міндеттемелері.

Елімізде жалпы ауданы 10,5 млн м² болатын 3,3 мың көппәтерлі тозығы жеткен үй бар. Оларды жаңғыртуға қажетті инвестиция 3,2 трлн теңге көлемінде бағаланып отыр.

«Құрылыс компаниясы қосымша қабаттар салып, сол пәтерлерді сата алады. Бұл барлық тарапқа – тұрғындарға, әкімдіктерге және бизнеске тиімді», – деді Құсдібаев.

2029 жылға дейін 1 500 үйді сүру және 40 мың отбасыны көшіру жоспарланып отыр.

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденовке тағы операция жасалады
Бүгін, 13:10

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе
Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →