×

«Көшеден тиеп әкету болмайды». Қазақстанда әскерге шақыру тәртібі өзгереді

«Көшеден тиеп әкету болмайды». Қазақстанда әскерге шақыру тәртібі өзгереді

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Сенат кулуарында әскерге шақыруда қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Енді әскерге шақырту үшін 1414 нөмірінен SМS-хабарлама жіберіледі.

Алдағы уақытта әскер қатарына шақыру 1414 нөмірінен SMS хабарлама жіберу арқылы іске асырылады және Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің eGov-тағы жеке кабинетінде хабарламаның растығын тексеру мүмкіндігіне ие болады, – деп жауап берді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Оның айтуынша, тиісті заң қабылданғаннан кейін жас жігіттерді әскерге көшеден алып кету фактілері болмайды. Сондай-ақ әдеттегідей шақырту жіберілмейді, тек SMS арқылы хабардар етіледі. Егер хабарламаны алушы оны елемей тастаса, онда мәселе Әкімшілік кодекс аясында шешіледі.

Бұл жұмыспен уәкілетті органдар айналысады. Айыппұл көлемін қорғаныс министрлігі бекітпейді, онымен уәкілетті органдар айналысады, айыппұл мөлшері туралы айта алмаймыз, - дейді министрдің орынбасары.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде шетелде оқып жүрген қазақстандық студентті әскерилердің көшеден алып кетуі жақында дау туғызған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді
Бүгін, 13:56

FlyArystan Almaty Marathon 2025 жарысында Қазақстан қалаларын біріктірді

Әуе компаниясы қатысушыларға арнайы 30% жеңілдік қарастырылған промокод ұсынды
Еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар
Бұған дейін тексеру барысында 18 бұзушылық анықталып, оның 15-ін құрылыс салушы жойған
Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылғанымен есте қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →