×

Ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма? — Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі жауап берді

Қазір еңбек өнімділігі, медиандық жалақы көрсеткіштерін нақтылау мақсатында зерттеулер жүргізіліп жатыр

Ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма? — Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі жауап берді
primeminister.kz

2024 жылы ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) еңбек өнімділігі мен инфляция деңгейіне байланысты айқындау әдістемесі бекітілген болатын. ҚР Еңбек министрлігі ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қаралатынын айтты,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

— Қазіргі уақытта бірнеше ғылыми-зерттеу институттары өңірлер мен салалар бөлінісінде еңбек өнімділігі, медиандық жалақы көрсеткіштерін нақтылау мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр. Осы деректердің барлығы ең төменгі жалақыны есептеу базасына енеді, — деді министр.

Министр нақты соманы зерттеулер толық аяқталған соң ғана айтуға уәде берді. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, келер жылдың басында ЕТЖ мөлшерін арттыруға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →