×

Экс-министр Марат Бекетаевқа қатысты сот үкімі шықты

Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 

Экс-министр Марат Бекетаевқа қатысты сот үкімі шықты
primeminister.kz

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа үкім шықты. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биғайдаровтың сөзінше, экс-министр Марат Бекетаев мүлкі тәркілене отырып 9 жылға бас бостандығынан айырылған.

Антикор өкілінің айтуынша, Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелген.

Аталған іс бойынша тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілгендіктен, істің барлық материалдары мен қылмыстың мән-жайы жариялауға жатпайды. Сол себепті бұл сұраққа толық жауап беруге қылмыстық заңнама шеңберінде шектеу бар, – деді Данияр Биғайдаров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →