×

Медициналық тексерістен өткізбей әскерге жіберген комиссар жазаланды

Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Медициналық тексерістен өткізбей әскерге жіберген комиссар жазаланды
Ашық дереккөзден

Қостанай облысы  Лисаков қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Сот қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 26 сәуірде әскери комиссар әскери қызметке шақыру тәртібін бұзып, жас жігітті қалалық медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Кейін ол ұсталып, облыстық жинақтау пунктіне жеткізілген. Келесі күні медициналық тексеруден өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылған. Бірақ Лисаков қаласы деңгейінде міндетті медициналық комиссия мүлде өткізілмеген.

Сот қорғаныс бөлімінің бастығының әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 651-бабы "Азаматтарды мерзімді әскери қызметке заңсыз шақыру" бойынша саралады. Істің мән-жайын, жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың жоқтығын ескере отырып, судья оған 66 844 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды, - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Кеше, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →