×

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Алматы облысы әкімдігі

Жыл сайын жазғы маусымда танымалдылығы артып келе жатқан Алакөл демалыс аймағында коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл туралы Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің айтуынша, Алакөл жағасында орналасқан Ақши ауылында соңғы жылдары бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр.

Су тартылды. Ішкі су жүйелері жағажайдағы шипажайлардың барлығына тартылған болатын. Қазір қосылу жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда басты мәселе – экологиялық қауіпсіздік. Кір сулар бар ма ішінде. Осыған байланысты кәріз жүйесінің жалпы желісі бөлек жоба аясында салынып, былтыр толық аяқталып, қабылданды. Қазір тазарту қондырғыларының құрылысы жүріп жатыр. Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, келесі жылы Ақши ауылында су, кәріз және электр жүйесі мәселелері толық шешіледі, - дейді әкім.

Сонымен қатар, әкім 17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын екенін, жобаның жалпы құны 3,1 млрд теңгені құрайтынын атап өтті. Қаражат бөлінсе, Ақши ауылының жағалау бөлігі толық асфальтталады.

Көл жағасындағы тағы бір үлкен мәселе қаражат қарастырылып, биылдан бастап, 1 шілдеден бастап біздің мердігер компания ұтып алды. Жағаны бекіту жұмыстарын қолға алады. Былтыр бұл жұмыс басталған. Алайда мердігердің өзінің талаптарын сақтамауына байланысты сот шешімімен қаражат қайта қайтарылды. Мемлекет тарапынан қайта қаржыландырып, осы айдан бастап жағаны бекіту жұмыстарын істейміз. Бұл бірінші кезең. Екінші кезеңі оның абаттандырумен байланысты. Жалпы қоғамдық тәртіпті сақтауда барлық жағдай жасау үшін бізде жағажайда демалушыларға арналған медициналық пункт дәрігерлік лаборатория жұмыс істейді. Сонымен қатар облыстан және жедел жәрдем бөлімшесінен екі бригада бөлінген атқарып жатыр. Осы демалыс маусымында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін облыстан қосымша тәртіп сақшылары келіп, қызмет атқарады, - дейді Алмас Абдинов.

Туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығы бақылауда

Жағажайда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

  • Медициналық пункт пен зертхана жұмыс істеп тұр;

  • Жедел жәрдемнің екі бригадасы жұмылдырылған;

  • Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері мен құтқару тобы, сондай-ақ өртке қарсы қосымша пункт кезекшілік жүргізуде.

Барлық шаралар туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалуына, кәсіпкерлердің кедергісіз жұмыс істеуіне бағытталған. Мемлекет пен жергілікті атқарушы орган барлық күшті салып жатыр, – деді аудан әкімі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде демалушылар көбейді: Полиция құқық бұзушыларды дронмен анықтап жатыр
Кеше, 18:34

Алакөлде демалушылар көбейді: Полиция құқық бұзушыларды дронмен анықтап жатыр

Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.
Ведомство тергеу органдарымен заң аясында бірлесе жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →