×

Дархан Сатыбалды «Атакент» кешенін жаңғырту жобасымен танысты

Алматыда «Атакент» кешенін кезең-кезеңімен қайта құру жоспары ұсынылды

Дархан Сатыбалды «Атакент» кешенін жаңғырту жобасымен танысты
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығын қайта құру жобасымен танысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сапар аясында нысанның іскерлік тартымдылығын арттыруға және жайлы қоғамдық ортаны құруға бағытталған кешенді жаңғырту жоспары ұсынылды. Жобада аумақты абаттандыруға, көгалдандыруға және заманауи урбанистік шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.

«Атакенттің» субұрқақ кешені қаладағы ең көрікті орындардың біріне айналуы керек. Бұл жобаның жүрегі болмақ, - деді Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар, ол жұмыстың мерзімі мен сапасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Қайта құру 2025 жылдың шілде айынан бастап кезең-кезеңімен жүргізіледі. 74 мың м² жол мен тротуарды көріктендіру, 170 мың м² жасыл аймақты абаттандыру, жарық шамдары, көше жиһаздары, спорт алаңдары, модульді әжетханалар мен автоматтандырылған суару жүйесін орнату жоспарланған.

Қала басшысы ағаш таңдағанда әртүрлі болуына мән беріп, Алматының климаттық ерекшеліктеріне сай жапырақты ағаш түрлерін отырғызуды айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →