×

Камбоджаға жұмыс іздеп кеткен қазақстандық құлдыққа түскен

Ол аман-есен елге оралды.

Камбоджаға жұмыс іздеп кеткен қазақстандық құлдыққа түскен
Pixabay.com

Қазақстандық бойжеткен Камбоджаға қонақүй әкімшісі қызметіне орналасу мақсатында аттанған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алайда барған соң, ұсынылған жұмыс шындыққа жанаспайтыны белгілі болып, ол еңбек құлдығына тап болудың аз-ақ алдында қалған.

Оқиға туралы ақпарат түсе салысымен, ІІМ Интерпол бөлімшесі шұғыл әрекет етіп, қызды құтқарып қалды. Қазір ол аман-есен елге оралды.

Қазіргі уақытта оны шетелге жұмысқа тұрғызамыз деп алдап, жалған уәде берген адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →