×

Қазақстандық рэпердің әйелі көгерген денесін көрсетіп, күйеуінен таяқ жегенін жария етті

Рэпер Дамир Қойшыбаевтың әйелі Аружан Қойшыбаева әлеуметтік желіге өз шындығын жария етті

Қазақстандық рэпердің әйелі көгерген денесін көрсетіп, күйеуінен таяқ жегенін жария етті
Шартты сурет

Qurt (шын аты Дамир Қойшубаев) атымен белгілі Дамир Қойшыбаевты әйелі Аружан зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. 4 шілдеге қараған түні Аружан Instagram парақшасында болған жайтты баяндап, денесінің көгерген тұсы көрсетілген суреттерді жариялады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Фотоларда – көкала қойдай болған дене, қантолы көгерулер мен тілініп кеткен жаралар көрінеді.

Аружанның айтуынша, жағдай 27 маусым таңында болған:

Ол мені бір сағат бойы белдікпен сабады. Белдік үзіліп кеткенде, басқасын алды. Мен қашып құтыла алмадым, “мені өлтіріп жатыр” деп айқайладым. Көршілер дауысымды естіп, мені құтқарып қалды, – дейді ол.

Кейін Аружан рэпердің елден кетуді жоспарлап отырғанын айтты. Сонымен қатар, қылмыстық өткенi бар оның бір досы қорқытқан хабарламалар жіберген. Солардың бірінде мынадай сөздер болған:

Иттің қызы, мені арандатып көр. Менің қолым ұзын – сені тауып аламын.

Аружанның айтуынша, күйеуі достарымен бірге келіп, өзін видео жазуға мәжбүрлемек болған – видеода ол Дамирге ешқандай шағымы жоқ екенін айтуы керек болған. Бұдан бөлек, ол күйеуінің анасын да айыптап отыр – анасы арызын қайтып алуға көндіруге тырысқан көрінеді.

Соған қарамастан, Аружан соққы іздерін тіркетіп, полицияға арыз жазған. Адвокатқа қаражат жинауды бастады.

Аружанға музыкант SayMo мен қоғам белсендісі Айтбек Амангелді алғашқылардың бірі болып қоғамдық қолдау білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →