×

Алматы тұрғындарының жылуға төлеген 74 млн теңгеден астам қаражаты қайтарылады

Бұл қосымша құн салығын есептегендегі сома. 

Алматы тұрғындарының жылуға төлеген 74 млн теңгеден астам қаражаты қайтарылады
Pixabay.com

Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті 2024-2025 жылғы жылыту маусымындағы нақты ауа температурасы негізінде жылу энергиясы қызметінің құнын қайта есептеу жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жылумен қамту саласында қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері жылу есептегіш құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін қызмет ақысын қайта есептейді. Жалпы қайта есептелген сома 74,19 миллион теңгені (ҚҚС-ны қоса есептегенде) құрайды.

Қайта есептеу нәтижесі бойынша тұтынушылардың жеке шотында «жылу» тармағында аванс (сальдо) ретінде көрініс табады. Бұл қаражат 2025-2026 жылғы жылыту маусымында немесе ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін (2025 жылдың соңына дейін) ескерілетін болады, – делінген департаменттің 4 шілдедегі хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →