Қымбат Досжан Жәнібектің биологиялық әкесі болуы мүмкін адам жайлы да пікір білдірді.
Қазақстанда атышулы іске айналған Жәнібек Савелиев (бұрынғы аты Мұрат) жайлы журналист Қымбат Досжан тың мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл жолы ол тек эмоционалды үндеумен емес, құқықтық нақты деректерін бөлісті.
Еске салсақ, Жәнібек – бельгиялық отбасы асырап алған этникалық қазақ, оның Қазақстаннан заңсыз жолмен шетелге асырауға берілгені туралы күдік 2024 жылдан бері қоғамды алаңдатып келеді.
12 мың доллар мен күдікті емес куә
Қымбат Досжан өз сөзінде, 2024 жылғы 31 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 135-бабы 3-бөлігі (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша іс қозғалғанын атап өтті. Алайда, арада бір жарым жыл өтсе де, іс әлі сотқа жетпеген.
2025 жылғы 9 маусымдағы қаулыда көрсетілгендей:
Бұл жағдай ашық сұрақтар қалдырады. Егер ақша берілсе, оны кім алды? Ол неге әлі күдікті ретінде танылмай отыр? Перзентхана мен балалар үйінің басшылығы жауапкершіліктен қашпауы керек, - дейді журналист.
ДНҚ сараптамасы талап етілді
Қымбат Досжан Жәнібектің биологиялық әкесі болуы мүмкін адам жайлы да пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл адамның баласынан қан үлгісі алынып, ДНҚ сараптамасы жасалуы керек.
Іс енді Халық заңгерінің қолында
Журналист енді бұл істі заңгерлік тұрғыдан жүйелі жүргізу үшін Халық заңгері – Мейірман Қалмаханұлы Шекеевпен біріккенін мәлімдеді. Ол марқұм Шерзат ісінде қорғаушы болған тәжірибелі заңгер ретінде танымал.
«Мен Жәнібектің ресми өкілімін. Жалғыз күресіп, шаршадым. Енді кәсіби заңгермен бірігіп, әділдікке жетеміз деп сенемін», — дейді Қ.Досжан.
Ақпарат қайдан таралады?
Оқиғаның әрі қарайғы барысын тек үш дереккөзден — Қымбат Досжанның, Жәнібектің, және Мейірман Шекеевтің ресми парақшаларынан бақылауға кеңес берілді.