×

Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды

Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда елімізде 64 ветеринарлық бақылау бекеті жұмыс істейді.

Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
Pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет пен мал өнімдерін ветеринарлық талаптарды сақтамай сататындар үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды, деп хабарлады Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, елдегі әрбір мал басы жеке сәйкестендіру нөмірімен тіркеліп, барлық ветеринарлық шаралар мен деректер сол нөмір бойынша тіркеледі. Алайда бұл жүйенің тиімділігі мал иелерінің адал әрі толыққанды есеп жүргізуіне тікелей байланысты.

Мал басын нақты және ашық түрде есепке алу – бақылау жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі шарты. Сондықтан тіркеуді күшейтіп, тиісті ветеринарлық құжатсыз мал мен өнім сатып алғандар мен сатқан тұлғаларға дейін қылмыстық жауапкершілік енгізу қажет, – деді министр.

Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда елімізде 64 ветеринарлық бақылау бекеті жұмыс істейді. Жыл басынан бері 28,5 мың автокөлік тексеріліп, санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 547 көлік кері қайтарылған. Бұзушылықтар бойынша айыппұлдар салынды.

Министрдің айтуынша, ветеринарлық қауіпсіздікті күшейту үшін ЕАЭО елдерімен шекаралас өткізу пункттерінде бақылау бекеттерін орналастыру қажет. Сонымен қатар, бұл бекеттерді Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҰҚК Шекара қызметінің ақпараттық жүйелерімен біріктіру керек.

Сапаров кейбір тауар түрлері бойынша импортқа тәуелділік мәселесі әлі де сақталып отырғанын атап өтті. Осыған байланысты министрлік салаға қолдау көрсету үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

Атап айтқанда:

асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ мал сатып алуға жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдетілген несие беру,

сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру бағдарламасын да дәл осы мөлшерлемемен іске қосу жоспарланып отыр.

Жалпы қажетті қаржы көлемі – 50 млрд теңге.

Министрліктің дерегі бойынша, 2025 жылдың басынан бері:

ірі қара мал саны 23,4%-ға өсіп, 9,6 млн басқа жеткен,

ұсақ мал саны 7,8%-ға көбейіп, 26,3 млн,

жылқы 12,2%-ға өсіп, 5 млн,

түйе саны 8,5%-ға артып, 321,3 мың,

ал құс саны 2,2%-ға көбейіп, 47,7 млн басқа жетті.

Бұл өсім ішкі нарықты сиыр еті мен қой етімен толық қамтамасыз етуге, сонымен қатар экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Саяхаттау кезеңі 2025 жылдың 8 қыркүйегі мен 21 желтоқсан аралығын қамтиды.
Қымбат Досжан Жәнібектің биологиялық әкесі болуы мүмкін адам жайлы да пікір білдірді.
Бүгінде Алматыда 700 мыңнан астам жас тұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →