×

Алакөл жағажайларындағы кемшіліктер: Министр Мырзабосынов нақты тапсырмалар берді

Тексеру барысында бірқатар жүйелі мәселелер анықталды

Алакөл жағажайларындағы кемшіліктер: Министр Мырзабосынов нақты тапсырмалар берді
Туризм және спорт министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бастаған Үкімет делегациясы құрамында Абай және Жетісу облыстарындағы Алакөл көлінің курортты өңіріне барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жұмыс сапарының мақсаты – инфрақұрылымның қазіргі жай-күйі мен демалыс жағдайын бағалау, сондай-ақ туристік саланы дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалуын қадағалау. Көлдің екі жағалауына да тексеріс жұмыстары жүргізіліп, жергілікті атқарушы органдар және бизнес өкілдерімен кездесулер өтті.

Тексеру барысында бірқатар жүйелі мәселелер анықталды. Атап айтқанда, кейбір жағажайларда санитариялық-гигиеналық тораптар, душ кабиналары, қоқыс жәшіктері, арнайы белгілер мен қоршаулар жоқ; су көліктеріне бақылау жеткіліксіз; құтқару мұнаралары мен ақпараттық құралдар тапшы. Қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптар сақталмай отыр.

“Туристік қызметтердің сапасын арттыру – саланы дамытудың басты міндеттерінің бірі. Туристер ағынының артуына қарамастан, бірқатар курортты өңірде қызмет көрсету деңгейі заман талаптарына сай келмейді. Министрлік «Туристік қызмет туралы» Заңға міндетті стандарттар енгізу, өкілеттіктерді кеңейту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған түзетулер әзірлеуде. Бұл қауіпсіздік, жайлылық пен жоғары деңгейдегі қызметті жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз – отандық туристердің демалысын сапалы әрі қауіпсіз ету”, – деді Ербол Мырзабосынов.

Тексеру нәтижесі бойынша министр бірқатар нақты тапсырмалар берді:

  • Жағажай аумағындағы санитариялық жабдықтауды күшейту;
  • Қосымша қоқыс контейнерлерін сатып алу;
  • Қауіпсіз шомылу аймақтарын нақты белгілеп, арнайы белгілер желісін ұзарту;
  • Киім ауыстыратын орындар, душ кабиналары және басқа да абаттандыру элементтерін орнату мүмкіндігін қарастыру;
  • Белсенді демалыс аймақтарын ұйымдастырып, көлеңке тенттер орнату;
  • Құтқару мұнаралары мен суға қауіпсіз кіруге арналған баспалдақтар санын көбейту;
  • Жағажай аумағына ақпараттық стендтер мен сызбалы карталар орнату.

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға нақты мерзім белгіленді. Министрлік бұл тапсырмалардың орындалуын қайта тексеруді жоспарлап отыр. Туристік демалыстың сапасы мен қауіпсіздігі – Үкімет пен Министрліктің ұдайы бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
11.07.2025ж. 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →