×

Перизат Қайраттың тағы бір өтрігі ашылды

Перизат Қайраттың тағы бір өтрігі ашылды
Фото: instagram/01pk

Астананың Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында өткен тыңдау кезінде прокурорлар Перизат Қайраттың шетелде оқымағанын және бірнеше дипломы бар деген мәлімет шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Перизат Қайрат – 1991 жылғы 5 шілдеде Ақтөбе облысында туған. Тұрмыста емес. Бұрын таратылған “Biz Birgemiz – Қазақстан – 2030” қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы әрі басшысы болған.Психиатриялық немесе наркологиялық есепте тұрмайды. Орта білімді аяқтамаған. Бұрын сотты болмаған. Алайда, ҚР ІІМ деректеріне сәйкес, 2012 жылы қылмыстық қудалау аясында тартылған, бірақ іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Қазіргі уақытта,  2024 жылғы 14 қарашадан бастап бұлтартпау шарасы ретінде қамауда отыр, - деді прокурор.

Қылмыстық іс бойынша Қайрат Перизат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қылмыстық кодекстің осы баптарына сәйкес, айып тағылып отыр:

  • Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша үш эпизод

  • 218-баптың 1-бөлігі 2-тармағы және 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы (заңсыз кірістерді заңдастыру, яғни ақшаны жылыстату) бойынша да айыптар тағылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Еңбек кітапшасы енді керек емес
Бүгін, 15:57

Еңбек кітапшасы енді керек емес

Еңбек кітапшасы – ескірген құжат.
Демалушылар қауіпсіздік шаралары да жоқтығын айтады. 
Бұл жол «Өскемен – Алтай – Рахман қайнары» республикалық автожолына жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →