Демалушылар қауіпсіздік шаралары да жоқтығын айтады.
Қазақстандағы көлемі бойынша үшінші орындағы Шардара су қоймасы - жергілікті халық арасында «теңіз» атанып кеткен әйгілі демалыс орны. Алайда күн ыстықта мұнда ағылатын адамдардың легі соншалық, жағалау тек адамдармен емес, қоқыспен де лық толды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әлеуметтік желілерде бұл жайтқа қатысты қатты түрлі видео мен пікірлер жариялануда.
Кіру үшін және шезлонг үшін ақша алынады. Бірақ қоқыс жәшігі де, дәретхана да жоқ, – деп ашына жазған қолданушының бірі.
Оның айтуынша, суға кіру үшін жағалауда қалқып жүрген қоқыстың арасынан өтуге тура келеді.
Өзге қолданушылар қауіпсіздік шаралары мүлде сақталмағынан, тіпті құтқарушылардың өзі жоқ екенін айтады. Одан бөлек скутерлер адамдар жүзіп жүрген жерге дейін келетін көрінеді.
Әлеуметтік желіде қолданушылары да түрлі сыни пікір қалдырған:
«Бұл қайықтарды тыйым салу керек! Керосин және бензинмен суды улап жатыр. Адамды қағып кетуі мүмкін!»
«Қазақстанда демалғаннан гөрі Түркияға немесе Тайландқа барған қауіпсіз әрі арзан»
«Біреу суға кетпейінше ешкім назар аудармайды»
«Барлық жағалауға бейнекамера орнату керек. «Сізді камера түсіріп тұр. Қоқыс тастамаңыз. Айыппұл - 100 000 теңге» деп жазып қою керек.
«Өздері ластап, өздері шағымданады»
«Шашқан жеріңді тазалап кетуді білмей ме?»
«Бұл не, Үндістан ба?»
«Бұл адамдар шынымен де демалып жүр ме өзі?».