×

«Мемлекеттік тілде мүлдем сөйлемейтін болды». Димаш Құдайбергеннің әкесі операторларға шағымданды

Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.

«Мемлекеттік тілде мүлдем сөйлемейтін болды». Димаш Құдайбергеннің әкесі операторларға шағымданды
Әлеуметтік желі

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің әкесі, өзі де елге танымал әнші Қанат Айтбаев ұлттық мәселелерден бей-жай қалмайды. Бұл жолы ол ұялы телефон операторларының мемлекеттік тілге қырын қарайтынын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мобильді телефон байланысында бот оператор кейінгі кезде мемлекеттік тілде мүлдем сөйлемейтін болыпты. Осы жағдайға назар аударып көрдіңіздер ме? – деп жазды Қанат Айтбаев.

Бұл постқа пікір жазғандар да мұндай мәселенің бар екенін айтып жатыр.

«Иә, адам тұтқаны көтермесе бот орыс тілінде сайрайды», «Активке» бойкот, тарифтері қымбат, интернет жылдамдығы өте төмен, мемлекеттік тілге деген құрмет жоқтың қасы», «Бұл да саясат. Бірте бірте қазақ тілін қолданыстан жоқ қылу», «Меніңше, желідегі бар нәрсе қазақ тілінде өзгермей тұруы керек», «Жарайсыз, Қанат мырза! Өте орынды мәселе көтеріп отырсыз!», «Тілімізге қарсы күрес басталып кетті», - деген сарындағы пікірлер көптеп жазылған.

Ал «Актив» байланыс операторы:  «Байланыс орталығына жүгінген кезде қызмет жүйелік таңдалған тілде көрсетіледі. Сіз *000#OK пәрмені бойынша тілді өзгерте аласыз» деп пікір қалдырған.

Бірақ Қанат Айтбаев телефон қондырмаларын өзгертпегенін, бірақ кейінгі кезде абонент жауап бермесе, немесе бос болмаса осы жөніндегі ақпарат тек қана орыс тілінде көрсетілетіне шағымданды.

 Мемлекеттік тілдегі қызмет негізгі тұрып, сұраныс болған жағдайда ғана басқа тілдерде болуы керек. Мемлекетті, мемлекеттік тілді құрметтеу керек! – деді әнші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында жол сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр
Кеше, 17:23

Алматы облысында жол сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр

Алматы облысында жол инфрақұрылымын дамыту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әрдайым басты назарда.
Ата-аналар комитетінің өкілдері 901 мың теңге көлеміндегі ақшаны қайтару туралы талапты толық қолдайтындарын айтты.
Темекі тұтынатын ер адамдардың үлесі 34 пайызды құраған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →