×

Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ

Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.

Қуандық Бишімбаевтың інісі амнистияға ілігу мүмкіндігін пайдаланбақ
Жоғарғы сот//YouTube

Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов жазасын өтеу мерзімін қысқарту үшін амнистия заңына сәйкес сотқа өтініш жолдады. Бұл туралы 17 шілдеде Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 9 шілде күні Байжанов Степногор аудандық сотына тиісті өтініш түсірген. Қазіргі уақытта өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ.

Еске сала кетейік, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өлімін жасыру дерегі бойынша сотталған болатын. Бұған дейін оның адвокаты амнистияға байланысты жаза мерзімі үштен бірге қысқаруы мүмкін екенін айтқан еді - бұл шамамен сегіз ай. Сонымен қатар Байжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығына да ие.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Депутаттың сөзінше, талаптың күшеюі адал әрі кәсіби компаниялардың жолын ашып, нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруы мүмкін.
Депутат қыз алып қашудың ескі қаңсық дәстүр екенін айтты
Депутат алып қашуды ауыр қылмыс қатарына жатқызуды сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →