×

Әйеліне 10 жыл қысым көрсетті деген экс-дипломат 6 жылға сотталды

Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған.

Әйеліне 10 жыл қысым көрсетті деген экс-дипломат 6 жылға сотталды
Фото: zerkalo.az

БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол қылмыстық кодекстің 110-бабы (азаптау) бойынша айыпталды. Сот осыған дейін Карина Мамаштың өтініші негізінде жабық форматта өткен еді. Алайда соңғы шешім БАҚ-қа ашық форматта өтті. Судья Сәкен Мамашты кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жайлы шешім қабылдады. «Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387–390, 393, 395–398, 401–402-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады»,– деп үкімді жария етті судья Артур Абдықанов.

Сәкен Мамаш 2014 жылдан бастап жәбірленуші Каринамен заңды некеде тұрған. Неке кезеңінде жәбірленуші екі бала дүниеге әкеліп, үй шаруасындағы әйел болған. Ол дипломаттың жұбайы ретінде жәрдемақы алған, алайда, бұл қаражатты Мамаш өзі алып отырған. Үй шаруасына байланысты барлық шығындарды Сәкен Мамаш қаржыландырған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен, бейнежазбалармен, скриншоттармен және өзге де істің материалдарымен дәлелденді. Прокурор сотталушыны 6 жылға, жәбірленуші тарап 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы кінәсін мойындамады. Керісінше, қорғаушы тарап қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Депутаттың сөзінше, талаптың күшеюі адал әрі кәсіби компаниялардың жолын ашып, нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруы мүмкін.
Депутат қыз алып қашудың ескі қаңсық дәстүр екенін айтты
Депутат алып қашуды ауыр қылмыс қатарына жатқызуды сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →