Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған еді.
Бір вице-министр мен 4 облыс әкімінің орынбасары жазаланды. Президенттің тапсырмасынан кейін Үкімет туристтік аймақтарға жүргізген тексерудің қорытындысын жариялап, осындай нәтиже шығарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған еді.
10-12 шілдеде Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарына инспекциялық сапар барысында бірқатар жүйелі заң бұзушылықтар анықталған. Жұмыс тобының мүшелері туристермен кездесулер өткізіп, Қапшағай су қоймасындағы, Алакөл және Балқаш көлдеріндегі инфрақұрылыммен де таныс болды. Онда көпшіліктің туристік инфрақұрылымның жағдайына, сервистің жеткіліксіздігі мен қажетті қауіпсіздік шараларының болмауына қатысты хабарламалары расталды.
Оның арасында жергілікті атқарушы органдарға тиесілі коммуналдық жағажайлардың жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Яғни, абаттандыру нормаларын бұзу, түбіртек бермей жұмыс істейтін бизнес субъектілерінде кассалық тәртіптің болмауы, санитариялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын елемеу фактілері тіркелген.
Инспекция қорытындысы бойынша және президент тапсырмасын орындау аясында жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды: