×

Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Ал орташа зейнетақы мөлшері 180 мың теңгеге жеткен. 

Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті
t.me/KZgovernment

Премьер-министр орынбасары Ермек Көшербаев мемлекет әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауға айрықша көңіл бөліп жатқанын алға тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, 2025 жылдың басынан бері зейнетақы төлемдері 8,5 пайызға өсті, ал орташа зейнетақы мөлшері 180 мың теңгеге жетті. Зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсалған жалпы шығын 4 трлн теңгеден асты. Қазіргі таңда 245 мың адам 16,2 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алуда.

Мемлекет басшысы Үкіметке халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік осал топтарды қорғау және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Осы бағытта кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда мемлекет өз әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап отыр. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жартысынан астамы осы салаға бағытталған, – деді Көшербаев.

Сондай-ақ вице-премьер елдегі орташа айлық жалақы 423 мың теңгеге жеткенін атап өтті. Ең төменгі жалақы мөлшерінің көтерілуі 600 мыңға жуық қызметкердің табысын арттыруға ықпал етті.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша 250 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл бағытта цифрлық платформа енгізілуде. Негізгі мақсат – нақты көмекке мұқтаж отбасыларды қолдау. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы, – деп түйіндеді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматыда жол мамандарына арналған тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
Жоба аясында 6,7 шақырым жағалауда тіреу қабырғалары нығайтылып, жол кеңейтілді.
Жаңа мешіттің сыйымдылығы 3000 адамды құрайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →