×

Жол саласының болашағы – жастардың қолында

Алматыда жол мамандарына арналған тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды

Жол саласының болашағы – жастардың қолында

Алматы қаласындағы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы (ЖАСҰО) Алматы автомобиль жол колледжінің 3 курс студенттері үшін ашық есік күнін өткізді. “Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы” мамандығында білім алып жатқан болашақ жол саласы мамандарына орталықтың Жылжымалы жол зертханасы (ЖЖЗ) таныстырылды. Арнайы есептеу-өлшеу құралдарымен, заманауи құрылғылармен жабдықталған зертханалық көліктің жұмыс принциптері мен мүмкіндіктері көрсетіліп, студенттердің кәсіби қызығушылығына нақты жауап берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара барысында ЖАСҰО Алматы қалалық филиалының инженері Глеб Бакашаров студенттерге мекеме қызметінің негізгі бағыттары туралы кеңінен баяндап берді:
«Жол сапасы – қауіпсіздік кепілі. Біз зертханалық сынамалар арқылы жолдың әр қабатының беріктігін тексереміз. Мұндай шаралар студенттердің кәсіби дамуына оң әсер етеді», – деді инженер.
Сондай-ақ ол жастардың техникалық білімін тәжірибемен ұштастыру маңызды екенін атап өтті:
«Ашық есік күндері студенттерге нақты өндірістік үдерістерді көзбен көріп, мамандықты терең түсінуге мүмкіндік береді», – деп өз пікірін білдірді.

Жол саласына қызығатын жастар үшін мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мақсат – келешек мамандардың кәсіби даярлығын арттырып, оларды еңбекке бейімдеу.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жоба аясында 6,7 шақырым жағалауда тіреу қабырғалары нығайтылып, жол кеңейтілді.
Ал орташа зейнетақы мөлшері 180 мың теңгеге жеткен. 
Жаңа мешіттің сыйымдылығы 3000 адамды құрайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →