×

Түркістан қаласында осал топтағы әйелдерді қолдау мақсатында түрлі жобалар қолға алынған

«Айна» жобасы: Түркістанда әйелдерге қолдау көрсетілді

Түркістан қаласында осал топтағы әйелдерді қолдау мақсатында түрлі жобалар қолға алынған

Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» саябағында осал топтағы әйелдерді қолдау мақсатында «Айна» жобасының қорытынды кеші өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде Түркістан қаласында әйелдердің психологиялық әл-ауқатын жақсарту арқылы олардың жаңа өмірге деген сенімін арттырып, өз жолын табуға көмектесуге бағытталған жобалар жетерлік. Соның бірі, Түркістан қаласындағы әйелдердің психологиялық әл-ауқат көріністері мен оның дамуына әсер ететін «Айна» жобасы.

Аталмыш жоба Түркістан қаласының әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген. Шараға өмірлік қиын жағдайға тап болған 30-ға жуық әйел қатысты. Олар жоба аясында психологиялық терапиядан, топтық жаттығу мен құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған арнайы тренингтертен өтті. Жобаның басты мақсаты – осал топтағы әйелдердің психологиялық әл-ауқатын жақсарту, ішкі әлеуетін ашуға мүмкіндік жасау және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетуге бағытталған.

Жобаның алғашқы кезеңі Түркістан қаласындағы «Отбасы қолдау орталығында» басталып, Қазақстан кәсіби медиаторлары мен заңгерлер қауымдастығының президенті, заңгер және жаттықтырушы-медиатор Дана Ақәділқызы тарапынан құқықтық сауаттылыққа бағытталған семинар өткізілді. Ал, екінші кезеңде кәсіби психолог Жазира Әбділман екі күн бойы қатысушыларға тұлғалық даму кезеңдері, эмоционалдық интеллектті арттыру, ішкі және сыртқы ресурстарды іске қосу, арт-терапия мен тыныс алу жаттығулары, мақсат қою және оған жету жолдары, бойынша жан-жақты психологиялық терапия жүргізді. Қорытынды кеш барысында шараға қатысушылар мамандар тарапынан көрсетілген қолдауды жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Алматыда жол мамандарына арналған тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
Жоба аясында 6,7 шақырым жағалауда тіреу қабырғалары нығайтылып, жол кеңейтілді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →