×

Жұбаныш Жексенұлы әуежайда ішімдік ішіп, әйелдің телефонын қағып жібергені үшін сот алдында жауап берді

Әнші 100 грамм ащы су ішкенін де мойындады.

Жұбаныш Жексенұлы әуежайда ішімдік ішіп, әйелдің телефонын қағып жібергені үшін сот алдында жауап берді
Видеодан кадр: "Жарқын жүздесу" бағдарламасы

Бүгін Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында танымал әнші Жұбаныш Жексенұлының ісі қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz

 Іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі – қоғамдық орында былапыт сөйлеу және айналасындағыларға құрметсіздік таныту, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша қаралды.

Арызды жәбірленуші Зәуреш Садыбекова есімді азамат берген. Ол әншімен бірге Астанадан Алматыға ұшпақшы болған. Әуежайда Садыбекова танымал өнер адамын көріп таңырқап: «Мынау әнші емес пе?» деп есіртіп айтады. Бұл Жұбаныш Жексенұлына ұнамай қалады. Ол әнші емес, бишімін деп сарказммен жауап береді. Сосын бейәдеп қылық танытқан. Садыбекова телефонға видеоға түсіре бастағанда телефонын қағып жіберген. Сол жерге жәбірленуші полиция шақырып, әкімшілік хаттама толтырылған.

«Мен ешқандай дөрекілік көрсеткен жоқпын. Құрбыларымнан «Мына кісі әнші емес пе» деп сұрағаным үшін бұл кісі маған ашуланып, былапыт сөздер айтып, телефонымды қолымнан ұрып түсірді. Кейін бірінші қабатта да дәл осындай әрекеттерін жалғастырды. Барлығы видеоға жазылған», – деді жәбірленуші.

Жұбаныш Жексенұлы әрекетіне өкінетінін айтып, кінәсін толық мойындады, жәбірленушіден кешірім сұрады. 

Әнші 100 грамм ащы су ішкенін де мойындады.

Сот істі қарай келе айыпталушыны кінәлі деп тауып, оған 78 640 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға шешім шығарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматыда жол мамандарына арналған тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
Жоба аясында 6,7 шақырым жағалауда тіреу қабырғалары нығайтылып, жол кеңейтілді.
Ал орташа зейнетақы мөлшері 180 мың теңгеге жеткен. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →