«Сенімен Болашақ» – бұл жай ғана ҮЕҰ емес, ұлттық құндылықтарды, отбасын, ағартушылықты және бірлікті дәріптейтін ұлттық қозғалыс
Тура төрт жыл бұрын, 2021 жылдың 28 шілдесінде қоғам белсендісі Нұркен Асановтың бастамасымен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Осы уақыт ішінде ұйым шағын идеядан бүкіл елді қамтыған ірі ұлттық қозғалысқа айналды. Бүгінде ол Қазақстан бойынша 150 мыңнан астам ата-ананы біріктіріп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
– Салют – бұл бір сәттік жарқыл ғана. Ал жұлдыз – ол мәңгі. «Сенімен Болашақ» уақытша жоба емес, ол – отбасыларға, балаларға және қоғамға күн сайын жарық шашатын жұлдыз, – дейді Нұркен Асанов өз үндеуінде.
Миссиядан қозғалысқа айналған идея
Ұйымның басты мақсаты – ата-аналардың саналы жауапкершілігін арттыру, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру және отбасы институтын нығайту. Себебі дәл осы институт ел болашағы – жаңа ұрпақты тәрбиелеудің негізгі өзегі болып табылады. Бұл миссияны іске асыру үшін ұйым бес бағытта жұмыс істейді:
4 жыл ішіндегі жетістіктер
Қоғамды өзгерткен жобалар
2023–2024 жылдары «Сенімен Болашақ» бірқатар маңызға ие жобаларды жүзеге асырды:
Жобалар жергілікті мәселелерді ескеріп, өңірлік ерекшеліктерге бейімделе жасалғандықтан, тек жалпыұлттық емес, нақты проблемаларды да шешуге мүмкіндік беріп отыр.
Зерттеу нәтижелері: Қазақстандық ата-ана қандай?
Бірлестік екі ірі зерттеу бастамасын қолға алды. 2023 жылы 57 мыңнан астам ата-ана мен жасөспірім арасында сауалнама жүргізіліп, отбасындағы өзара түсіністік деңгейі анықталды. Ал 2024 жылы басталған «Қазақстандық ата-ана» атты зерттеу аналитикалық баяндама мен ата-аналық үлгілер типологиясының негізін қалады.
Зерттеу нәтижелері бойынша:
Халықаралық деңгейдегі мойындау
«Сенімен Болашақ» Еуропалық ата-аналар қауымдастығының форумдарында екі мәрте Қазақстан атынан қатысты. Сонымен қатар 2023 жылы Швейцарияда өткен алғашқы Педагогтар форумына қатысқан. Бұл – қазақстандық ата-ана моделіне шетелдік сарапшылар тарапынан қызығушылықтың артқанын білдіреді.
Болашақ бейнесі: «Бөтен бала болмайды»
Бірлестік әлеуметтік ата-ана моделін қоғамға енгізуді ұсынады. Бұл – әрбір ересек азаматтың жалпы тәрбиелік кеңістікке жауапкершілікпен қарауын білдіреді. Мұнда тәлімгерлік, ұрпақтар сабақтастығы және осал топтағы балаларға қолдау көрсету маңызды рөл атқарады.
– Қазақстанның болашағы – отбасынан басталады. Егер біз мықты мемлекет құруды қаласақ, алдымен саналы, мейірімді, жауапкершілігі жоғары ұрпақ өсіруіміз керек. Ол тек махаббат пен жауапкершілік арқылы мүмкін болады, – дейді Нұркен Асанов.
«Сенімен Болашақ» – жай ғана ҮЕҰ емес. Бұл – ұлттық құндылық, отбасы, ағарту және бірлік үшін күресетін қозғалыс. Төрт жылдың ішінде бұл ұйым азаматтық белсенділік арқылы қоғамды өзгертуге болатынын дәлелдеді – егер ол шынайы, кәсіби әрі жүйелі болса.