×

Шымкентте жыныстық құлдыққа түскен екі жасөспірім қыз құтқарылды

Олардың адам саудасының құрбаны болғаны анықталды.

Шымкентте жыныстық құлдыққа түскен екі жасөспірім қыз құтқарылды
Pixabay.com

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері еркінен тыс ұсталып, сексуалдық мақсатта пайдаланылған екі жасөспірім қызды құтқарып алды. Бұл туралы Otyrar.kz порталы хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Тергеу мәліметінше, 2009 және 2010 жылдары туған қыздар баспана береміз деген желеумен алдап, арбауға түскен. Құтқарылған соң олар бастапқыда Жастарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Алайда тергеу барысында олардың адам саудасының құрбаны болғаны анықталды. Ата-аналарының келісімімен екеуі де арнайы мекемеге ауыстырылып, онда медициналық, психологиялық және заңдық көмек алды.

Қыздарды «үй беремін» деп уәде еткен Б. есімді азамат алдаған. Өкінішке қарай, мұндай қылмыстарда ең алдымен жасөспірімдер осал топқа жатады. Бастапқыда олар өздерінің пайдаланылғанын да түсінбеген, – деді орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі басшы орынбасары Галина Муталиева.

Орталықтың дерегінше, соңғы бес жылда адам саудасынан зардап шеккен 15 адамға, оның ішінде шетел азаматтарына да, оңалту бағдарламалары аясында көмек көрсетілген.

Құрбандардың бәрі бірдей жұмыссыз немесе әлеуметтік жағдайы төмен жандар емес. Көбінесе жақсы білім алған, өмірге бейімделген адамдар да жақсы өмір іздеп жүріп осындай жағдайға тап болады, – деп қосты Муталиева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →