×

Неміс болсам да, Қазақстанда мен өзімді ең алдымен қазақ сезінем – шымкенттік Артур

Шымкентте тұратын Артур өзін ең әуелі қазақ сезінетінін айтты

Неміс болсам да, Қазақстанда мен өзімді ең алдымен қазақ сезінем – шымкенттік Артур
скриншот

Әлеуметтік желідегі парақшасында Артур қазақ тілі мен мәдениетінің өз өміріндегі рөлі туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz356.kz.

“Таяуда маған басқа елдердегі достарым “сен этникалық неміссің ғой, Қазақстанда саған деген қарым-қатынас қалай?” деп сұрайды. Мен оларға “мен өзімді жап-жақсы сезінем, себебі өзімді қазақ сезінем, себебі Қазақстанда сені ешкім ұлтыңа немесе дініңе қарап бөлген емес” деймін. Біз Қазақстанда бір ұлт секілді береке-бірлікте өмір сүреміз. Бізде шынында да бәрі жақсы, – дейді Артур.

Артур бала кезден қазақ әженің тәрбиесінде өскен. 

“Мен ең алдымен қазақпын. Сондықтан, осы елдің тілі мен мәдениетін оқып, құрметтеуім керек. Бұл өте маңызды. Біз бір мемлекеттің – Қазақ елінің азаматтарымыз. Бейбітшілік пен келісімді бәріміз қолдайық. Басқа елдерде этносаралық қақтығыстар өте көп. Ал біздің елде әрдайым бейбіт заман болар деген сенімдемін, – дейді Артур.

Кейінгі жылдары Қазақстанда қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық айтарлықтай артты. Бұл үрдіс мемлекеттік саясатпен қатар, қоғамдағы тілге деген көзқарастың өзгеруімен тығыз байланысты.

Қазақ тілі — Қазақстанның мемлекеттік тілі. Мемлекет тарапынан оны дамыту мен қолдану үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, тілді меңгеруге жағдай жасалып келеді. Мемлекеттік қызметке тұру, ресми құжаттармен жұмыс істеу және қоғаммен етене араласу үшін қазақ тілін білу маңызды талапқа айналды.

Қалаларда, әсіресе жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналып келеді. Әлеуметтік желілерде қазақша контент көбейіп, тіл үйренуге ынталандыратын жаңа орта қалыптасуда. Орыс тілді азаматтар мен өзге этнос өкілдері де тілді меңгеруге белсенді кірісіп жатыр.

Сонымен қатар, тіл үйрететін онлайн курстар мен мобильді қосымшалар да бұл үдерісті жеделдетіп отыр. «Soile.kz», «Tilqural» сияқты платформалар тілді үйренуді баршаға қолжетімді етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →