×

Талғат Мұсабаевтың жерлеу рәсімі қайда, қашан өтетіні белгілі болды

Талғат Мұсабаевтың жерлеу рәсімі қайда, қашан өтетіні белгілі болды
Фото: senate.parlam.kz

Атақты ғарышкер, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі 6 тамыз күні Алматыда өтеді. Бұл туралы «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматыдағы филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz356.kz.

Қоштасу шарасы таңғы сағат 09:00-де Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде басталады. Одан кейін батырдың рухына тағзым ету мақсатында 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта митинг ұйымдастырылады. Талғат Амангелдіұлы Кеңсай зиратына жерленеді.

Айта кетейік, кеше, 4 тамызда әйгілі ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевтың 73 жасында дүниеден өткендігі хабарланған болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің қазасына байланысты көңіл айтты.

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричное ауылында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның тұңғыш кәсіби ғарышкері, үш рет ғарышқа ұшқан санаулы жерлестеріміздің бірі. Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы.

Мемлекеттік қызметтегі мансабы да жемісті болған Талғат Мұсабаев 2007–2016 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, ал 2017–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қалай несие алдым – сол сәтте-ақ хабарласа бастады»:  қарағандылық блогер алаяқтардан сақтануға шақырды
Кеше, 23:06

«Қалай несие алдым – сол сәтте-ақ хабарласа бастады»: қарағандылық блогер алаяқтардан сақтануға шақырды

Әлеуметтік желіде танымал Айсұлтан Жақыпов банктен несие алған сәттен бастап өзіне бірден алаяқтар қоңырау шала бастағанын айтады
Шымкентте тұратын Артур өзін ең әуелі қазақ сезінетінін айтты
Ауыл шаруашылығы саласының қазіргі ахуалымен танысты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →