×

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда ажырасу рәсімі жеңілдейді

2023 жылы Қазақстанда 120,8 мың неке тіркеліп, оның 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған.

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда ажырасу рәсімі жеңілдейді
Freepik

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда некені бұзу ережелеріне өзгерістер күшіне енеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, біржақты ажырасу рәсімі жеңілдейді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұрын біржақты ажырасуға рұқсат тек мына жағдайларда берілетін:

  • екінші тарап хабар-ошарсыз жоғалған деп танылса;

  • әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетті деп танылса;

  • үш жыл немесе одан да көп мерзімге сотталған болса.

Енді бұл тізімге тағы бір жағдай қосылды:

Егер жұбайлардың бірі үш жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрсе, неке біржақты тәртіппен бұзыла алады.

Ажырасу үшін не істеу керек?

  • АХАТ (РАГС) бөліміне өтініш беру;

  • Халықаралық іздеуде жүргені туралы құқық қорғау органдарының ресми құжатын қоса тапсыру;

  • Өтінішті ҚР Әділет министрлігі мақұлдайды.

2023 жылы Қазақстанда 120,8 мың неке тіркеліп, оның 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған.

Айта кетейік, 2025 жылдың көктемінде Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ажырасқан азаматтарға салықты арттыруды және ажырасуды тіркеуге мемлекеттік баж салығын көбейтуді ұсынған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →