×

СОЗАҚТА БИЫЛ АЛТЫ АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 380 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

2025 жылдың алғашқы 5 айында Түркістан облысына қарасты, Созақ ауданында 81,5 млрд теңгеден астам тікелей инвестиция тартылды. Ал, жалпы өңірлік өнімінің көлемі 380 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков журналистермен өткен баспасөз жиынында баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 

СОЗАҚТА БИЫЛ АЛТЫ АЙДА ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 380 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

«Ауылшаруашылық саласында осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 138,7 млн теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда өңірде 9 мың тоннаға жуық ет және сүт өнімдері, 750 мың дана жұмыртқа өндірілді. Биылғы егіс науқанында 14 638 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Су үнемдеу технологиясы бойынша 163,9 га жерге жаңбырлатып, 33 га жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, келесі жылы Тайқоңыр елді мекенінде жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаның жалпы құны 113,5 млрд теңгеден астам. Аталған жоба аяқталғаннан кейін 275 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады»- деді аудан басшысы.

Бұдан бөлек, биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 447 млн 330 мың теңгеге 12 көшеге 14,2 шақырым асфальт төселеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында аудан орталығындағы «Жеткіншек» мөлтек ауданында 1 қабатты 2 пәтерлі – 26 үй, 2 қабатты 8 пәтерлі – 3 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Салынып жатқан үйлер кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілетін болады. Сонымен қатар, «Казатомпром» АҚ демеушілігімен – 2 қабатты 16 пәтерлі үй салынуда. Одан бөлек, құны 2 млрд теңгеге жуық Шолаққорған ауылындағы спорттық-сауықтыру кешені жақын күндері ел игілігіне пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, «Астана» мөлтек ауданы инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді
Кеше, 22:53

Абайдың 180 жылдығы Абай ауданында түйінделді

Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді
Алаңда жұртшылық назарына арнайы әзірленген «Абай ауылы» этнографиялық композициясы ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →