×

Түркістан: «Айна» жобасы осал топтағы әйелдердің психологиялық әл-ауқатын арттыруда

Түркістан: «Айна» жобасы осал топтағы әйелдердің психологиялық әл-ауқатын арттыруда

Түркістан қаласындағы Отбасын қолдау орталығында «Айна» жобасының тұрғындармен алғашқы кездесуі өтті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталмыш жиында кәсіби медиатор және заңгер Дана Ақәділқызы қатысушыларға өз құқықтарын білу, заң алдындағы сауаттылықты арттыру жолдарын түсіндіріп, пайдалы ақпараттармен бөлісті. Одан бөлек, қиын жағдайға тап болған әйелдер үшін бұл басқосудың сенімділікке бір қадам екендігі айтылды. Сонымен қатар, кездесуде арнайы жұмыс дәптері қатысушыларға таратылып, ойларын түртіп отыруға мүмкіндік берілді.

Дана Ақәділқызының сөзінше қазіргі қоғамда әрбір азаматтың құқықтық сауатты болуы – өзінің ғана емес, өзгелердің де қауіпсіздігі мен бостандығына кепіл бола алады. Заңдарды білу – тек заңгерлердің немесе мемлекеттік қызметкерлердің міндеті емес, бұл – әр адамның азаматтық борышы.

Өз құқықтарын білетін адам қандай да бір заңсыздыққа тап болған жағдайда қорғана алады, дұрыс шешім қабылдайды және заң аясында әділдікке қол жеткізу жолдарын таба біледі. Мәселен, еңбек, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй, тұтынушы құқығы сияқты өмірдің көптеген салаларында адамдар көбіне заңды білмегендіктен өз құқығын пайдалана алмай қалып жатады. Бұл жағдай азаматтың өзіне де, қоғамға да зиян келтіреді.

Айта кетейік, «Айна» жобасының мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған, осал топтағы әйелдердің психологиялық әл-ауқатын арттырып, ішкі ресурсын ашуға, қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар, жоба арқылы жоба аясында психологиялық терапиядан, топтық жаттығу мен құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған арнайы тренингтертен өтуге болады.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденовке тағы операция жасалады
Бүгін, 13:10

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе
Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →