Түркістан қаласындағы Отбасын қолдау орталығында «Айна» жобасының көп балалы аналарды қоғамға бейімдеу, әлеуметтік көмек көрсету мен психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Тұлғалық даму және эмоционалды интеллект» атты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған өткен шарада психолог Жазира Әбділман тарапынан қатысушыларға тұлғалық даму – отбасыдан басталатындығы жөнінде пікірлер айтылды. Сонымен қатар, әрбір адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, өзінің қабілеттерін ашуына, болашаққа сеніммен қарауына ең алдымен отбасындағы қарым-қатынас, қолдау және тәрбие үлгісі тікелей әсер ететіндігі және сол себепті тұлғалық дамуды отбасы шеңберінде қарастыру керектігін алға тартты. Оның сөзінше отбасы – тұлғаның алғашқы мектебі. Онда берілген тәрбие, қарым-қатынас үлгісі, сенім мен қолдау адамның бүкіл өміріне әсер етеді. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірін дамытуға, қолдауға және құрметтеуге дайын болғанда ғана шынайы үйлесімділік пен тұлғалық өсу орын алады.
Жалпы «Отбасын қолдау орталығы» көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әл-ауқатын жақсарту, демеушілік көмек көрсетуге және қиын өмірлік жағдайдан шығуға үшінші тұлғаларды тарту бойынша тиімді жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ, заң, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетіледі. Одан бөлек, аналарға онлайн түрде ЭЦҚ кілтін алу, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тіркеу, сауалнама толтыру, оқыту курстарына тізім жасау, курстар кестесін жасау, тұрғын үй алуға кезекке тұру, құжаттарды қалпына келтіру сынды сұраныстарға көмек береді. Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмекте көрсетеді.