×

Түркістан қаласында отбасылық саясатты нығайту мақсатында шара өтуде

Түркістан қаласында отбасылық саясатты нығайту мақсатында шара өтуде

Түркістан қаласындағы Отбасын қолдау орталығында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар мен азаматшаларға арналған отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Жақсы ой жақсылыққа жетелейді» атты психотренингі өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс-шара қоғамдағы отбасылық саясатты нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, отбасы мүшелеріне психологиялық қолдау көрсету, өзара қарым-қатынас мәдениетін дамытуға, мінез-құлықтағы жағымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Одан бөлек, қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйлерін жақсарту, топтық жұмыс жүйесін нығайту және қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыру басты назарға алынған. Мұндай психологиялық кездесулер азаматтардың өмірге деген құлшынысын оятып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондай-ақ, орталықта азаматтар некені бұзу, алимент өндіріп алу, шоттардың бұғатталуын алып тастау, тұрғын үй немесе жер учаскесі кезегіне қою, әлеуметтік жәрдем алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, құжаттарды қалпына келтіру мәселелері бойынша сұрақтарға да жауап ала алады.

Бүгінде отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы шаралардың мемлекет үшін стратегиялық маңызы айқын көрінеді. Бұл — әлеуметтік тұрақтылық, демографиялық дамудың кепілі, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен моральдық-этикалық негіздерді сақтау үшін маңызды. Жалпы отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған шаралар қоғамдағы ажырасу, отбасылық жанжалдардың алдын алады. Сондай-қ, тәрбиелік бағыттағы бағдарламалар мен психологиялық қолдау арқылы адамдар отбасындағы рөлін терең түсінеді, қиын сәттерде сабыр мен түсіністік танытуға үйренеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Руслан Берденовке тағы операция жасалады
Кеше, 13:10

Руслан Берденовке тағы операция жасалады

Кезекті операция 13 тамызға белгіленген.
Енді ол жиналған қаражатты сатып алушы отбасыға беріп, үйін өз атына қайта рәсімдеуге кіріспе
Жүлдегерлерге 90 бас жылқы мен 10 автокөлік сыйлық ретінде берілді
Сорбұлақта мәйіті табылған Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі туған жеріне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →